Көне түркі тіл білімі 2 страница

12. 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно /1612-1694/ мен грамматист, филолог, профессор Клод Лансло /1616-1695/ екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және сол монастырьдан шыққандықтан, оны "Пор-Рояль грамматикасы" деп те, "Рациональды жалпы грамматика" деп те атайды. тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар. Олардың ең негізгісі -логикалық категория мен тілдік категорияларды бір-бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарауы. Авторлар әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды, грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар - логикалық категорияның көрсеткіштері, ал логика категориялары жеке ұлттық болмайды, жалпы адамзаттық болады дейді. Бұл тұжырымның қателігі мынада: логика категорияларының жалпы адамзаттық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі өзгешеліктер болады, бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате. Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті, көп салалы. Әрине, тілдердің грамматикаларында ортақ үлгілер, универсалды сипаттар аз емес, бірақ оған қарап, дүниедегі барлық тілдерге ортақ, бәріне бірдей дәрежеде қолдануға болатын грамматика жасауға болмайды да. Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.

13.Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/ болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды.. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры – тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі – оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.





14.Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда XIX ғасырдың екінші- жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер /1821-1869/ есімімен байланысты. А.Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл біліміне тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялык ұқсастығы мен генеологиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі.Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсумен бірге А.Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істермен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі - тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды.Оның натуралистік көзқарасы "Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу","Неміс тілі", “Дарвин теориясы және тіл білімі" дейтін еңбектерінен толық көрінеді. Бұл еңбектерінде А.Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым, әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғалымдар тобына қосылады.

16. Тілдің шығуы туралы теориялар Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бір қатар ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар. Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа еліктеу” (немесе аноматопоєтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді.
Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді.
Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық күбылыс емес, табиғат құбылысы, «табиғаттың адамға тартқан сыйы» деғен логикалық қорытынды шығаруға жетелейді. Тілдің шығуы туралы теория ХҮІІІ ғ. Руссо, Дидро, Гердер еңбектерінде орын алды. Ж. Руссо (1712-1778) тілдің шығу тегін әлеуметтік-қоғамдық келісім және тілдің эмоционалдық немесе еліктеу теорияларымен байланыстырады, бұл туралы “Адамдар арасындағы теңсіздіктің басталуы және негіздемесі туралы ойлар” (1715), “Тілдің шығуы туралы тәжірибе” (1761 ) еңбектерінде айтады. Әлеуметтік-қоғамдық келісім теориясының мәні алғашқы адамның бірігуі, әртүрлі қауіптерден сақтануға талпынуы барысында инстинкті түрде дыбыс беруі, айғайлау, ымды қолдануы, бірақ ым адамдарға қараңғыда алыстан көрінбеуіне байланысты ыңғайлы болмады. Сондықтан ойды білдіру құралын іздеп, сөзді жалпы мағынада, яғни бір сөз тұтас бір сөйлемдерді береді деген пікір айтты. Бірақ ол тілдің бе, жоқ әлде қоғамның ба бірінші пайда болғанын айта алмады. Тілдің шығуының эмоционалдық немесе еліктеу теориясын ұсынды. Онда тілдің шығу себебін адамдардың ішкі сезімін білдіру мақсатымен байланыстырды. Руссо теориялары француз энциклопедисті Дидро(1713-1784) тарапынан сынға ұшырады. “Энциклопедия немесе ғылым, өнер, қолөнерінің түсіндірме сөздігі” еңбегінде (9 том): “Тіл ойды дауыс арқылы білдіруге арналған әрі анықталған ұлтқа тән дағдылар бірлігі ретінде” анықталды. Дидро тілдің коммуникативтік қызметін атап көрсетті. Тілдің қалыптасуына қоғамның негіз болатыны туралы материалистік көзқарастан идеалистік позицияға өтеді:
“Қоғам қажеттілігі тілдің дамуына ықпал етті, бірақ адам тіл бергені үшін құдайға қарыздар”, -деді. Ол тілдің шығуындағы еліктеу теориясымен келіспеді.
ХҮІІ - ХҮІІІ ғ. ғылымның дамуы, ғылымның тілге байланысты талабының өсуі тілдің негізгі қасиетін зерттеуді өзалдына міндет етіп қойған тіл философиясының тууына әкелді. Ағылшын ғалымы Ф.Бэкон (1561-1626) өзінің филологиялық грамматикасының негізіне эмпирикалық әдісті қолданды. Бұл әдіс бойынша кез келген білімнің көзі табиғат нәрселеріне негізделген сезімдік тәжірибе болып табылады. Оның негізгі көзқарастары
“Жаңа Органон” (1620), “Ғылымның қадір-қасиеті және жетілдірілуі” (1623) туралы еңбектерінде айтылады. Тіл - қарым-қатынас, ойда білдіру құралы. Тілді эмпирикалық тұрғыдан, яғни оны жан-жақты тәжірибелік жолмен зерттеу керек. Грамматиканы әріптік (эмпирикалық) және философиялық деп бөлді. Грамматика практикалық мақсаттарда қызмет етеді, тілді зерттеу әртүрлі халықтың жан дүниесінің ерекшелігін, мінез-құлқын, салтын тануға көмектеседі деп болжады. Философиялық грамматика сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды зерттейді. Сөздер заттарды, табиғатты объективті түрде тануда жеткіліксіз дей келіп, ұғымдарды дәл әрі нақты белгілейтін жасанды философиялық тіл жасауды ұсынды. Және оның негізінде барлығына ортақ бірыңғай тіл жасауға болады деді. Ол тіл теориясын жан-жақты жасай алмады.
Француз ғалымы Р.Декарт (1596-1650) жасанды тіл жасау теориясын ұсынды: сандардың табиғи қатарының тәртібінде анықталғандай, барлық ойдың әдістемелік орналасуын жүйелеу керек. Мұндай тіл сөзінің орналасуында, септелу, жіктелуде бір ғана тәсіл болар еді т.б. Тілді философиялық тұрғыдан зерттеу мәселесін ағылшын материалисті Д.Локк (1632-1704) “Адам ой-санасы туралы тәжірибе” (Опыт о человеческой разуме) – 1690ж. Философиялық еңбегінде қояды. Ол сөздің мағынасына зор көңіл бөліп, бұл мәселені тілдің мәні туралы іліммен тығыз байланыстырады. Локк объективті дүние заттарын адам сезім, түйсіну арқылы қабылдайды. Сөз есіту мүшелері арқылы қабылданған бөлшектенетін дыбыстардан тұрады. Сөздің қызметі ойды жеткізу, бірақ ойды түйсінуге болмайды, ойды жеткізу үшін оны түйсіну мүшелері арқылы қабылданатын таңбаларға (белгілерге) жатқызу керек.
Мұндай белгі – сөз. Локк бойынша, сөз ойдың түйсікте қабылданатын белгісі, ал сөздің мағынасы - таным және түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыру қабілеті.
Сөздің елеулі жағы – оның абстрактілігі деп таныды. Кеңес тілшісі М.В.Мачавариани: “Сөздің мағынасын зерттей келе, Локксубъективті-объективті, индивидуалды-қоғамдық, нақты, жалпы деп бөлшектеді. Сондықтан оның теориясына субъективті-идеалистік сипат тән”, - деді.

17.XIX ғасыр тіл білімі немесе салыстырмалы –тарихи тіл білімі,кезеңдері жайында айтыңыз.Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады
деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым
тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жәйт XIX ғасырдың
алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің
қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. ХҮШ ғасырдың соңғы
жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.Салыстырмалы тарихи тіл білімі бірнеше кезеңнен тұрады:1-кезеңі XIX ғасырдың 70-20 жылдары

2-кезеңі XIX ғасырдың 1890-1900 жылдары

XIX ғасыр лингвистикасының тарихының 4 кезеңі бар.Олар: 1)Cалыстырмалы тарихи әдістің туындауынан жас грамматистер мектебінің қалыптаса бастауына дейін.(1811870) 2)Жас граммаистер көзқарастарының дамуына белең алған кезеңі. 3)Жас грамматистердің 20 ғасырдың 20 жылына дейін әр түрлі мектептер мен бағыттар. 4)Фердинанд де Соссюр идеяларының таралуынан қазіргі дәуірге дейін. XIX ғасыр тіл білімін кейде салыстырмалы тіл білімі ғасыры деп те атайды.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің тууы,қалыптасуының өзі 2дәуірден тұрады. 1 дәуірі.Салыстырмалы тіл білімі тарихи әдісінің пайда болып,жалпы тіл білімінің негізделе бастауы.Салыстырмалы тарихи әдісінің негізін салғандар Ф.Бопп,Я.Гримм,Расмуск Раск,Жалпы тіл білімн негіздеуші В.Ф.Гумбольдт,осы дәуірді кейде Бопп\Гумбольд деп те атайды. 2)дәуір XIX ғасырдың 50\70 жылдарын қамтиды.Бұл дәуірде салыстырмалы тарихи әдіс бірнеше Үнді\Еуропа тілдерінде қолданылып жалпы тіл білімінің зерттеу объектісі кеңейді.Тіл білімніде психологиялық,биологиялық, әлеуметтік бағыттар пайда болды.Бұл дәуірді салыстырмалы тіл білімінің көрнекті өкілдері А.Шлейхер,Штейнталь.Ал жалпы тіл білімнің ірі өкілдері Штейнталь,Макс Мюллер,Иоганн Людвиг.Сондықтан осы дәуірді Шлейхер \Штейнталь дәуірі деп атайды.

18Салыстырмалы тарихи әдіс дегеніміз не?Салыстырмалы тарихи әдістің өкілдері мен зерттеулері жайында айтыңыз.Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи
құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады
деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым
тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жәйт XIX ғасырдың
алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің
қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. ХҮШ ғасырдың соңғы
жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Бопп бұл тілдерден жинаған материалдарын иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жылдар арасында «Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырма грамматикасын» жазды. Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді тіл білімінің әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген. Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды. Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Ф.Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына зор ықпалын тигізді.

19)Диахрония мен Синхрония терминдерінің сипаттамасы мен маңыздылығы жайында не білесіз? Тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамып, жетіліп отырады, әрі даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Осы тұрғыдан, тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі сипаттамалы немесе синхрониялық тіл білімі деп, ал тілдің шығу тарихы мен дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі салыстырмал- тарихи немесе диахрониялық тіл білімі деп аталады. Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл фактылары мен материалдарын зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың бас кезінде қаланды. Бұл әдістің негізін қалаушылар – неміс лингвисті Франц Бопп, Дания ғалымы Расмус Раск, неміс ғалымы Яков Гримм. Аталмыш әдістің қалыптасуына себепкер жайт – санскрит тілінің зерттелуі еді. Санскрит – ертедегі Үнділердің әдеби тілі. Зерттеу негізінде санскрит тілінің ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қарым-қатынас құралы болып отырған көптеген тірі тілдермен ұқсастығы бары анықталды. Азияның бірсыпыра территориясын мекендеушілер тілінен бастап, бүкіл Еуропа, Америка тұрғындары тілдерінің бәрі дерлік бір атаумен – үндіеуропа тілдері деп аталатын болды. Мысалы: сан есімдердің еуропа тілдеріндегі сәйкестігі орысша – два, три; латынша – дуо, трэс; санскритше – двау, трауас және т.б. Басқаша айтқанда, тіл өмір сүріп тұрған кезіндегі қалпына сипаттама беру арқылы зерттелсе, оны сипаттама немесе статикалық (синхрондық) тіл білімі деп, ал тіл шығуы, өзгеруі және дамуы тұрғысынан зерттелсе, оны тарихи (диахрондық) тіл білімі деп атауға болады.
Жоғарыда аталған синхрония деген термин тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалпын, яғни Ф.де Соссюрдің сөзімен айтқаңда, оның "бір мезгілдік" (одновременность) күйін қарастыру дегенді білдірсе, диахрония деген әр түрлі кезде бірінен кейін бірі болатын (разновременность) тілдік құбылыстарды қарастыру дегенді білдіреді. Синхрония бойынша, бір мезгілде қатар өмір сүріп тұрған тілдік құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады да, диахрония бойынша әлгі тілдік құбылыстардың тарих (уақыт) бойындағы өзгерістері қарастырылады.
Ф.де Соссюр синхронияны жүйемен байланыстырса, диахронияны жүйеден тыс деп біледі. Оның пікірінше, синхрондык тіл білімі тілді жүйелі құбылыс ретінде, яғни тілдегі құбылыстарды бір-бірімен байланысында, бірақ дамудан тыс қарастырғаны жөн екен, ал диахрондық тіл білімі тілдегі құбылыстарды даму тұрғысында, бірақ өзара байланыстан тыс, ягни тілдік элементтерді бір-бірінен ажыратып, бөлек зерттегені орынды сияқты. Сайып келгенде, синхрония мен диахронияны бір-біріне қарама-қарсы қою деген сөз. Әрине, мұндай пікір дұрыс болып табылмайды. Өйткені, диалектикалық материализм әрбір құбылысты шығуы мен дамуы басқа құбылыстармен байланысында зерттегенде ғана оның табиғатын жете түсінуге болады деп үйретеді.
Олай болса, тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды синхрониялық тұрғыдан да, диахрониялық тұрғыдан да қарастыру дұрыс және ол өте-мөте қажет. Себебі тілді ғылыми тұрғыдан тану үшін, оны тарихи тұрғыдан да, сипаттамалы тұрғыдан да зерттеудің мәні өте зор. Мұндай екі жақты зерттеу болмаған жерде тіл білімінің толық мағынасында ғылым болуы мүмкін емес. Мысалы, казақ тіліндегі сарғай деген етістіктің кұрамына талдау жасау керек болды делік. Ол үшін мәселеге алдымен тарихи түрғыдан карау керек. Егер оған тарихи тұрғыдан келсек, бұл сөздің түбірін — сары, қосымшасын - ғай деуге болмайды. Оның түбірі - сары емес, сарығ. Ал жұрнағы — ғай емес, -ай (азай, көбей дегендердегі -ай, -ей).
Бұдан шығатын қорытынды: тілдің жүйесі (синхрония) оның дамуына (диахрония) телулі, яғни тіл жүйесі әрқашан оның тарихымен байланыста болады. Ендеше, тілдің жүйесін түсіну үшін тіл тарихының маңызы зор екен. Керісінше, тілдің тарихи дамуын жақсы ұғыну үшін, оның жүйелілік қасиетімен есептеспеске болмайды. Тілдегі болып жатқан өзгерістер мен дамулар оның жүйесін өзгертпейді, тек ондағы (тіл жүйесіндегі) қатынастардың түрін ғана ауыстыруы мүмкін.
Сонымен, тіл, тілдік кұрылым, тілдік жүйе, уақыт озған сайын жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тек қазіргі қалпы тұрғысынан (статикалық тұрғыдан) қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да (динамикалық тұрғыдан) қарау кажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екіншіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырғаны жөн.

20)Ф.Бопп,Я.Гримм,Р.Раск,А.Востоков еңбектері мен тіл білімі ғылымына қосқан үлестері жайында айтыңыз.3.2 Франц Бопп (1791-1867)Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -«Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі — Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол — тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі — олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі — дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді. 3.3 Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады. 3.4 Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.


7700316555457598.html
7700401026981293.html
    PR.RU™